Әлем біріншілігінің «F» тобының ғана емес бүкіл мундиаольдің көшбасшысы Месси бастаған Аргентина құрамасы Азия құрлығынының үздігі Иран командасынан сынақ алды.

Матч аргентиналықтар ойындағыдай басталды. Ысқырық шалысымен Мессидің жігіттері территориялық басымдыққа ие болды, допты өз бақылауында ұстады. Игуаин қақпашымен бірге бір шыққанымен, «Наполидің» шабуылшысы өз мүмкіндігін пайдалана алмады.

Аргентина құрамасы көп шабуылдағанымен, соңы соққыға жете бермеді. Қаптал арқылы басталатын жорықтар Иран қорғаушыларынан ары аспады.

Агуэро Хагигидің қыралығын бір сынап көрді. Аргентиналық шіреніп тұрып алыс бұрышты дәл көздегенімен, қақпашы өз орнында табыла білді.

Алғашқы таймның орта шенінде ойын біршама бәсеңдегендей. Доп алаң ортасында ойқастап жүрді.  Тағы бір қауіпті шабуылды Месси жасады. Айыпдобына жақындаған Леоның соққысы қақпадан сәл биік ұшты.

Ирандықтар матчтағы алғашқы соққысын тек таймының соңында жасады. Бұрыштама добына бірінші болып жеткен Хоссейни баспен қақпаны көздегенімен, оған дәлдік жетіспеді.

Алғашқы таймда Аргентинаның ойыны көрермендердің көңіленен шықпағаны сөзсіз. Шәкірттерінің мардымсыз әрі сүренсіз ойыны Сабельяның әлбетте көңілінен шықпады. Енді екінші таймға ойыншыларын қалай шығарады деген ой туындайды.

Екінші таймға Ирандықтар ерекше жігерілікпен шықты. Реза Аргентина қақпашысы Ромероны тексеріп көрді.

Лионель Месси өзінің сүйіктісі әдісімен орта шеппен сытлып өтіп, қақпаға соққы бағғыттады.

Кейруш шәкірттері ес жиып, азулы қарсыласқа қарсы қалай ойнау керектігін көрсетті. Хаджсафи алыстан допты тепкенде Маскераноның аяғына тиіп бағытын өзгертті. Алайда қақпаға қауіпті болды.

Иран ойыншысы Дежеганың есепті ашуға мүмкіндігі болды. Оның баспен ұрған добын Ромеро әрең дегенде алып шықты.

Аргентина ойыншыларының жеңіске деген құлшынысы көрінбеді. Тек ортада пас алмасудан арыға бармады.  Қауіпті шабуылды Ди Мария жасады. Алдымен сол қапталмен сытылып өтіп қақпаға соққы жасағанымен Хагиги шеберлік танытты, одан кейін баспен ұрып көрді, алайда жолында қақпашы тосқауыл болды.

Соңғы минутта Гучанежад қақпашымен жеке шығып алыс бұрышты көздегенімен, Ромеро өз орнында.

Иә, Месси бастаған жіггіттердің Азиялық «жолбарыстарға» қарсы өте мардымсыз ойын көрсетеді деп кім ойлаған? Алайда алтын доптың төрт дүркін иегері Лео жоқ жерден гол соқты. Міне капитан қандай болу керек! Командасын өте қиын жағдайдан алып шықты. Әлемнің үздік футболшысы қосымша уақытта алыс қашықтықтан допты иіре тепкен еді, бұл жолы Хагигидің қолы жетпеді.

Осылайша Аргентина құрамасы екі ойында 6 ұпай қанжығалап, келесі кезеңге өтті.

Аргентина – Иран  1:0 (0:0)

Гол: 90′ Месси.

Бас төреші: Бенжамин Уильямс

Қосалқы төрешілер: Мэттью Крим, хакан Аназ

21.06.2014 22:00 Арена да Байшада