Испания құрамасы мен мадридтік «Реалдың» қақпашысы Икер Касильяс 2014/15 маусымы аяқталысымен «корольдік» клуб сапынан кетеді, деп хабарлайды AS.

Чемпиондар Лигасының финалынан кейінгі  команда ойыншылары мен клуб президенті Флорентино Перес кездесті. Екі жақ Касильястың командадағы жағдайы туралы сөз қозғады. Икер үшін келесі маусым соңғысы болмақ.