Болгариялық маман елордалық команданың тізгінін ұстады, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
 
47 жастағы білікті бапкер «Астанамен» келісімшартқа отырды. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Стойлов бір маусымда 1 млн ақш доллар жалақы алатын болады.
 
Станимир Стойлов «Астананың» бас бапкері ретінде алғашқы матчын ертең павлодарлық «Ертіске» қарсы өткізеді.