«Астана» - «Ертіс» матч қарсаңында павлодарлық команданың жанкүйерлері Дмитрий Шомконың жейдесін өртеп жіберді.  

Дмитрий Шомко – павлодар футбол мектебінің түлегі. Футболдық мансабын экібастұздың «Батыр», «Экибастузец» және «Энергетик-2» клубтарында бастаған. Кейін, 2009-шы жылы «Ертіске» ауысып, еліміздің ең мықты қорғаушылардың біріне айналды. Биылғы маусымның басында ойыншы елордалық «Астанаға» көшкен болатын.