«Қызыл сойқандар» «Баварияның» жетекші ойыншысы Арьена Роббенді сатып алмақшы.
 
«МЮ»-дің жаңа бас бапкері Луи ван Гал Арьен Роббенді өз командасында көргісі келетінін айтты. Сондай-ақ, белгілі болғандай манчестерлік команда Роббенді мюнхендік клубтан 40 млн. фунт стерлингке сатып алуға дайын. 
 
Тағы бір қызықты жайт, ван Гал 2009-шы жылы «Баварияның» тізгінін ұстағанда оның ең бірінші сатып алған ойыншысы осы Роббен болған.