Футболдан әлем біріншілігі аясындағы Бельгия мен Ресей арасындағы ойын алдында Николас Ломбертс өз ойымен бөлісті. 

«Ресейліктер мен ойын біз үшін маңызды. Қарсыластарымыз жайлы айтатын болсақ, олардың сапында ресей Премьер-лигасының ең үздік қақпашысы Игорь Акинфеев өнер көрсетеді. Кореялықтармен кездесудегі қателігіне қарамастан ол тәжірибелі ойыншы. Дегенмен, бізге қарсы ойында ЦСКА-ның қақпашысы тағы бір сондай қателік жасағанын қалаймын», - деді Ломбертс.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш матч ертең сағат 22:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде «Евразия» арнасы көрсетеді.