Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Хаби Алонсо ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады. 

Испан басылымдарының ақпаратына сүйенсек, ойыншы әлем мундиалі басталмай тұрып сондай шешімге келген екен. 

Естеріңізге сала кетсек, Хаби Алоно ұлттық құраманың жетекші ойыншысы болған және командасымен бірге екі рет Еуропа чемпионатын және әлем біріншілігін ұтқан болатын. 

Алонсо Испания сапында 113 кездесу өткізіп 16 гол соқты.