Футболдан әлем чемпионатында Франция құрамасы қатарынан екінші рет жеңіске жетті. Алайда, үш жолақтылардың бас бапкері Дидье Дешам командасын фавориттердің қатарына кіргізу әлі ерте екенін айтты.

«5:2 есеппен ұту – бұл сенбес оқиға. Алты ұпайдан алтауын алдық, өте қуаныштымын. Десек те, біз фаворит емеспіз. Бұл топтық кезең, ары қарай мықты командалармен күш сынасамыз. Дегенменде, алда Эквадорға қарсы ойын бар», – деді Дешам Football Italia. басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, Франциялықтар Гондурас пен Швейцария құрамасын тізе бүктіріп Е тобында көш бастады.