Әлем чемпионатының тоғызыншы күні «Е» тобының аутсайдерлері Гондурас пен Эквадор құрамалары кездесті. Алғашқы кездесулерінде қос құрама да жеңіліс тапқан болатын, ендігі ойында үш ұпай үшін талас тартыс орын алды.

Алғашқы тайда 100 пайыздық гол соғатын мүмкіндік Эквадор ойыншысы Валенсияда болды. Алыстан әуелетіп берілген допқа бірінші болып жетіп, қақпашымен жеке дара шығып тұрып Валенсия допты қақпа маңдайшасынан биік тепті.

Ал Гондурас құрамасының бірінші соққысын Бернардес жасады. Бұрыштама добын баспен қақпаға бағыттағанымен, доп сәл қиыс кетті. Кездесудің бағыттағанымен, доп сәл қиыс кетті. Кездесудің 31-ші минутында Карло Костли есепті ашты.

 Қақпашымен бірге бір шыққан Костли мүлт кетпеді. Алайда Гондурас жанкүйерлерінің қуанышы ұзаққа созылмады. Ауыз жиып үлгергенше сол Валенсия есепті теңестіріп кетті. Оң қапталдан келген допқа бірінші болып жеткен «қара маржан» бос қақпаға допты бағыттай салды.

Алғашқы таймның соңында Гондурас жігіттері есепті еселеген болатын. Джери Бенгстон қақпа бағанынан кері серпілген допқа бірінші жетіп, қақпа торын бүл еткізді. Бірақ қапталда тұрған төреші бұл голды санамады, себебі Джери офсайдта қалған екен.

Екінші таймның алашқы қауіпті соққысын Бенгстон жасады. Оның тепкен добы қорғаушының аяғына тиіп бағытын өзгертті, Бангера өз орнында.

Кезекті шабуылда Рохер Эспиноса есепті еселеді, алайда қапталдағы төреші жалаушасын көтерді.

Қарымта шабуылда Эквадор ойыншылары айып добын алды. Қақпа маңына көтерілген допқа баспен бірінші болып Валенсияда жетіп, дубль авторы атанды.

Эквадор құрамасы өзіне керекті есепке қол жеткізген соң барынша таблодағы есепті ұстап тұруға тырысты.  Ал Гондурас командасы қанша шабуылдағанмен, 11 ойыншымен қорғанған қарсыласының осал жерін таба алмады. Қақпа маңына жолай алмайтындығын түсінген Фернандо Суарес шәкірттері алыс қашықтықтан бірнеше жақсы соққы жасап көрді. Бірінде Эспиноза тепкен доп қақпадан сәл қиыс кетсе, енді бірінде Костли тура қақпашыға тура тепті.

 

Гондурас – Эквадор  1:2 (1:1)

Голдар: 31′ Костли (1:0), 34’ Валенсия (1:1), 65’ Валенсия (2:1),

Бас төреші: Бенжамин Уильямс

Қосалқы төрешілер: Мэттью Крим, хакан Аназ

21.06.2014 04:00 Арена да Байшада