Футболдан әлем біріншілігі аясында «Е» тобының басты фавориттері Франция мен Швейцария құрамасы кездесті.

Бразилияның Салвадор қаласындағы «Порте-Нова» стадионында «Е» тобының көшбасшы командалары жасыл алаңға шықты. Кездесу баяу басталды. Әйтсе де, франциялықтардың негізгі құрамында алаңға шыққан Оливье Жиру швейцариялық қорғаушы Стив Фон Бергеннің қабағын байқаусыздан жарып жіберді, Отмар Хиттцфельд Фон Бергенді бірден Филип Сендеросқа алмастырды. Ойынның он жетінші минутында Оливье Жиру Матье Вальбуэнаның бұрыштамадан асырған добына бірінші жетіп, кездесуде есеп ашты! Араға бір минут салып, Блез Матюйди Карим Бенземаның әдемі пасынан есепті еселеді – 2:0. Артынша, Жиру допты кеудеге қабылдап алыстан епкіндеп тепті, бірақ доп қақпа маңдайшасынан жоғары кетті. Қарымта шабуылда швейцарялықтар есепті қысқартатын мүмкіндікті жіберіп алды. Адмир Мехмеди өз мүмкіндігін жүзеге асыра алмады. Қарпалыс сәтте үш жолақтылардың сұрмергені Карим Бензамаға қарсы Йохан Джуру өз айып алаңында ереже бұзды...Диего Бенальо Бенземаның пенальтиден соққысын қайтарды, допқа бірінші жеткен Жиру қақпа маңдайшасына тиді. ГОЛ!!! Жиру сол қапталдан бос тұрған Вальбуэнаға пас шығарып берді, соңғысы есепті іріге жеткізді – 3:0. Осылайша, бірінші тайм аяқталды.

Екінші тайм швейцариялықтардың шабуылдарымен басталды. Инлер алыстан соққы бағыттаған, бірақ Льорис өз орнынан табылды. Кейін, Жиру тағы бір соққы жасады, бірақ доп қақпадан қиіс кетті. Швейцария құрамасы есепті қысқартуға ұмтылғанымен, шабуылдарына дәлдік жетіспеді. Карим Бензема бірнеше соққы бағыттаған, бірақ сәтсіз. Оңтайлы шабуылдардың бірінде, Мехмеди Льористен айласын асыра алмады. Ары қарай, Бензема! Ақыры өз дегеніне жетті. Тыңнан алаңға қосылған Поль Погбаның пасынан Карим мундиальдегі төртінші голын соқты. Тағы бір шабуыл, Эвра Бенземаның пасынан мүлт кетті. Жеті минуттан кейін, Мусса Сиссоко оң қапталдан әдемі соққы бағыттап есепті – 5:0 қылды. Сұмдық ойын, Дидье Дешам жігіттерінің қарқыны күшті. Десек те, швейцариялықтар бір гол қайтарды. Блерим Джемайли айып соққыдан Уго Льористі қапы қалдырды – 5:1. Тағы бір гол! Швейцариялықтар кездесудегі екінші голдарын соқты, Гранит Джака голдың авторы атанды. Дегенмен, ойын соңына дейін есеп өзгермеді. Қорытынды есеп – 5:2.

Осылайша, Франция плей-офф кезеңіне жолдама алса, Швейцариялықтар үшін келесі ойын шешуші болады.

   

 

ӘЧ – 2014. «Е» тобы. 2-ші тур.

Швейцария-Франция – 2:5

Голдар: Джемайли, 81, Джака, 87 - Жиру, 17, Матюйди, 18, 73, Вальбуэна, 40, Бензема, 67