Испандық «Барселона» Мексика құрамасы мен «Аяччо» футбол клубының қақпашысы Гильерме Очоаға қызығушылық танытуда, деп жазады батыс БАҚ өкілдері.

Әлем чемпионаты аясында өткен Бразилия мен Мексика құрамалары арасындағы кездесудің басты қаһарманы Очоаны каталондық клуб өз қатарында көргісі келеді және мундиаль аяқталысымен қақпашыға келісімшарт ұсынбақ.

Мексикалық қақпашы Гильерме Очоа 2003-2011 жылдар аралығында мехиколық «Америка» клубының қақпасын кұзеткен, ал 2011 жылдан бері француздық «Аяччо» сапында ойнайды.

Естеріңзге сала кетсек, каталондық «Барселонаға» осыған дейін «Боррусия Менденблах» қақпашысы Тер Штеген қосылды. Тағы да «Реала Сосьедад» клубының чилилік қақпашысы Браво қызығып отыр.