Бүгін Алматыдағы Орталық стадионның қосалқы алаңында Қазақстандағы балалар үйі тәрбиеленушілері арасында ІІ республикалық чемпионат аяқталды.

Турнирдің жеңімпазы боп №1 Алматы облысының балалар үйінен құралған команда атанды. Енді олар тамыз айында Миланға бір аптаға барып қайтады. Бұл саяхатта балалар «Милан» клубының базасына барып, оның жұлдыздары Кака және Марио Балотеллимен кездеседі. Финалда Алматы облысының командасы тараздық балаларды жеңді.

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы турнирде топ жарған Есіл қаласындағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері Барселонаға барып қайтқан болатын.