Көкшетаулық «Оқжетпес» Хасан Әбдукәрімов пен Кирилл Пасичникті қатарына қосты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Хасан Әбдукәрімов командаға ақтаулық «Каспийден» келді. Биылғы маусымда ол бір-ақ рет алаңға шықты. 2010-2012 жылдар арасында Хасан «Оқжетпестің» намысын қорғаған болатын. 2013 жылы жас шабуылшы шымкенттік «Қыранның» сапында 11 рет көзге түсті.

Кирилл Пасичник болса, «Атыраудан» көшіп келді. «Мұнайшылар» қатарында ол 3 матчқа қатысқан. Қорғаушы, сонымен қатар, Қазақстан жастар құрамасындағы өнерімен де танымал.