Жазғы трансферлік уақытта алматылық «Қайрат» үш бірдей қазақстандық жас ойыншымен келісімге келіп, сапына қосты.

Олар: бұрын алматылықтар сапында ойнаған елордалық «Астана» футбол клубының шабуылшысы Виталий Ли, қарағандылық «Шахтердың» футболшысы Станислав Лунин және «Тараз» футболының түлегі Бауыржан Байтана. Әзірге келісімшарт қанша уақытқа жоспарланғаны мен жалақасы белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, жазғы трансферлік уақытта «Қайрат» Бауыржан Шерхан, Владислав Нехтий, Владимир Седельников және Давид Лориямен келісімшартты бұзған еді.

СТАНИСЛАВ ЛУНИН

Туған жылы: 02.05.1993

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Бойы: 186 см.

Салмағы: 80 кг.

Амплуасы: шабуылдаушы

ВИТАЛИЙ ЛИ

Туған жылы: 13.03.1994

Азматтығы: Қазақстан Республикасы

Бойы: 187 см.

Салмағы: 85 кг.

Амплуасы: шабуылдаушы

БАУЫРЖАН БАЙТАНА

Туған жылы: 06.06.1992

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Бойы: 174 см.

Салмағы: 67 кг.

Амплуасы: жартылайқорғаушы