Англия құрамасының шабуылшысының Уругвайға қарсы ойынға есепті өзгертуге талай мүмкіндігі болды, алайда оның жолына жанкешті қорғаушылар мен шебер Фернандо Муслера кедергі келтірді. «Тұманды албион» елінің жігіттері топтан шығу мүмкіндігінен біржолата айырылыды деуге болады.

«Уругвай құрамасынан жеңілгеніміз үшін өз басым қатты ұяламын. Жүрегім қатты ауырып, өзімді өте жаман сезінудемін. Жанкүйерлерімізден кешірім сұраймын. Қазірше бізде шамның жарығындай ғана мүмкіндігіміз бар, біз сол үшін күресеміз», - деді  Старридж.