«Барыс» клубының құрамына жаңадан қосылған Андрей Назаров команданың бас бапкері ретіндегі алғашқы сұхбатын беріп, жаңа маусымға қойған мақсат-мұраттарымен бөлісті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

«Клубқа ауысып келгеніме қуаныштымын. Өз басым үшін және жаңа бапкерлер құрамы үшін бұл маңызды шақыру, бар қабілетімізді осында көрсеткіміз келеді. Қазақстандық хоккей мектебі өзінің дарынды тәрбиеленушілерімен танымал, мұнда көптеген жақсы хокккейшілер баршылық және біздің міндетіміз оларға өздерін көрсетуге мүмкіндік жасау», - дейді жаңа бас бапкер А.Назаров.

Сонымен қатар, Назаров «Барысты» өте қызықты команда екендігін атап өтіп,  команданың өткен маусымдағы өнер көрсетуін жақсы бағалайтындығын айтып жеткізді.

Жаңа бапкердің айтуынша команданың ойын тәсілі өткен маусымдағыдай болмақ, тек жаңа маусымда физикалық дайындыққа басым көңіл бөлінетін болады. Сондай-ақ, Назаров жас қазақстандық ойыншыларға  ҚХЛ-да ойнауда өздерін көрсетуге мүмкіндік беріп, ары қарай ұлттық құрама сапына тарту керектігін алға тартады.

Жаңа маусымдағы басты мақсат - Гагарин Кубогы үшін күресіп, Қазақстан құрамасын элитаға шығару. Бүгінде жұмыс басталып та кетті: жаттығу процессінің күнтізбес жасақтаулы тұр.

Команданың жаңа жетекшісі 2014-2015 жылғы маусымда жанкүйерлер қызықты әрі тартысқа толы хоккей ойынын көретіндігіне сенімді.

Назаров Астанадағы жаңа жұмысына 7-8 маусымнан бастап кіріспек.