Голландияның Хертогенбош қаласында өтіп жатқан Topshelf Open турнирінде қазақстандық Ярослава Шведова жартылай финалға шыға алмады.

Шведова ширек финалда чех қызы Клара Коукаловадан 2/6, 4/6 есебімен ұтылды. 

Екі теннисші арасындағы алғашқы матч 1 сағат 11 минутқа созылды. Бұл ойында Шведова екі брейк-пойнтты жүзеге асыра алмаса, Коукалова үш рет брейк жасады.