Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2015 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчында Австрия құрамасынан 0:3 есебімен ұтылып қалды.

Алматыда өткен ойынның төртінші минутында қонақтар алға шықты. Гол авторы – Николь Билла. Екінші таймда Нина Бургер есепті еселесе, кейін  Николь Билла қазақстандық қақпашы Олеся Железнякты тағы да қапы қалдырды.

Бұл жеңілістен кейін  Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен өз тобында бесінші орында. Іріктеу кезеңіндегі соңғы ойын 17 қыркүйекте Австрияда өтеді.

 

Қазақстан — Австрия 0:3 (0:1)

Голдар: Билла 4 (0:1), Бургер 61 (0:2), Билла 77 (0:3)

Қазақстан: Железняк, Жолчиева (Николаенко 87), Красюкова, Идиатуллина, Мясникова, Жанатаева, Иванова (Вылданова 62), Қырғгызбаева, Кәрібаева (Бабшук 83), Айтымова, Ялова, Вылданова

Австрия: Криштлер, Кирхбергер, Ашауэр, Тибер (Мар 82), Прохазка, Шнадербек, Пунтигам, Билла, Цадрациль (Пельтль 65), Бургер (Эдер 75), Макас

Ескерту алғандар: Идиатуллина 51 — Шнадербек 74

Төреші: Шерон Слуйтс (Бельгия)

19 маусым. Қазақстан. Алматы. Орталық стадион.