Француз Ришар Гаске Англияның Истбурн қаласында өтіп жатқан AEGON International турнирінде өнер көрсетуін жалғастыра береді.

Словак Мартин Клизан Гаскеге ешқандай қарсылық көрсете алмады, екі сетке созылған ойын франциялықтың пайдасына 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат, 11 минутқа созылды.

Жартылай финалда Ришардың қарсыласы оның жерлесі Эдуард Роже-Васселин немесе өзбекстандық Денис Истомин болады.