Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Стивен Джеррард Уругвайға қарсы матчтан бұрын алдағы ойын туралы өз пікірін айтты.

«Ойын алдында Суареспен сөйлеспеймін, себебі бұл командадағы әріптестеріме деген құрметсіздігім болар еді.

Әрине, мен Лиуспен сөйлестім, бір-бірімізбен қалжыңдастық. Бірақ мен дәл ойынның алдында сөйлеспеймін.

Луис Суарес тамаша ойыншы, мен бұл туралы бірнеше рет айттым. Оның оралуы Уругвай құрамасы үшін үлкен пайда болады», – деді Джерард.

Естеріңізге сала кетсек, Уругвай – Англия құрамалары арасындағы матч бүгін Астана уақытымен 01:00-де басталады.