Мексика мен Камерун құрамалары арасында өткен ойыннан кейін ФИФА өкілдері нәсілшілдікке қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Айтуларынша, Мексика жанкүйерлері матч кезінде африкалықтардың нәсіліне қатысты ұрандар айқайлаған. 

ФИФА мүшелерінің ресми мәлімдемесінде тәртіптік тексеру мексикалық жанкүйерлердің түсініксіз әрекеттеріне қатысты басталғаны айтылған. Сонымен қатар, Би-би-сидің хабарлауынша, тексеріске тек мексикалық жанкүйерлердің ісі еніп отырған жоқ. Сондай-ақ, Бразилия жанкүйерлерінің гомофобтық ұрандары, Ресей және Хорватия құрамаларының ойындары кезіндегі стадионға ілінген антисемистік плакаттар да комиссия мүшелерінің назарында.

Айта кетейік, ФИФА-ның жаңа ережелеріне сәйкес, нәсілшілдікке жол берген футбол командалары төменгі дивизионға өткізіледі немесе жарыстан мүлдем шығарылып тасталынады.