Лондондық «Арсенал» «ПСЖ-ның» аргентиналық шабуылшысы Эзекиль Лавессиді сатып алғысы келеді.

Арсен Венгер бірнеше топ-шабуылшыға көз тігіп отыр, алайда француз маманы «Пари Сен-Жерменде» өнер көрсететін Лавессиге ерекше ықылас бөліп тұр.

Қазір париждік форвард Бразилиядағы әлем чемпионатында Аргентина құрамасымен бірге бақ сынап жатыр.