Мюнхендік «Бавария» мен Швейцария құрамасының жартылай қорғаушысы Джердан Шакириге ағылшындық «Ливерпуль» көз тігіп отыр.

АПЛ-дің вице-чемпионы «Бавариямен» келісім-сөз жүргізуде. Хавбектің бастапқы бағасы – 20 миллион еуро.

Естеріңізге сала кетсек, неміс Бундеслигасының өткен маусымында Шакири 27 матчта алаңға шығып, 7 голмен көзге түсті.