«Барыс» хоккей клубының бұрынғы бас бапкері Ари Пекка-Селин команда басшылығы оны жұмысынан босатқанын естігенде таңқалғанын айтты.

«Бір апта бұрын «Барыста» жұмыс жасай беретініме сенімді болдым. Бірақ өткен сенбіде агентім мені жұмыстан шығарып жібергенін жеткізді. Өткен аптада федерация неліктен орнымнан түсіп қалғанымды нақты түсіндірген болатын, ал бұл жолы ештеңе жоқ. Тек сайттағы бір ғана сөйлем — бұл көп нәрсені айтады. Менде бұндай бұрын-соңды болмаған», — деді Селин.