Спортшыларға енді мемлекеттік әнұранды білу Заң жүзінде бекітілді.
 
Спортшыларға енді мемлекеттік әнұранды білу міндеттеледі. Бүгін Мәжіліс депутаттары «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңа редакциядағы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. 
 
Құжатта допингтiк құралдарды пайдалануға қарсы әрекет бойынша құқықтық тетiктердi белгiлеу қарастырылған. Спортшылар үшін жағымды жаңалықтарға толы қарарда Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы атанған мүгедек спортшылардың тiзiмi кеңейтiлдi. Бұл санаттағы спортшылар өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғалар қатарында болады. Айта кетейік, еліміздің көк байрағын әлемдік ареналарда желбіретіп жүрген мақтаныштарымызды баспанамен қамту мәселесі де депутаттар назарынан шет қалмады.