Футболдан Испания құрамасының бас бапкері Висенте дель Боске Чилиге қарсы сүреңсіз ойын өткізген шәкірттерінің өнеріне баға берді.

Естеріңізге сала кетсек, Чили құрамасы әлем чемпиондарының қақпасына екі гол тоғытты. Ал испандықтар еш жауап қайтара алмады.

Дель Боске баспасөз-маслихатында былай деді: «Топтан шыға алмағанымыз - заңды. Кешегі ойында қайрат көрсеттік, алайда соңғы сәттерде сәттілік жетіспеді».