Қазақстан премьер-лигасындағы үздік ойыншылардың бірі, «Атыраудың» жартылай қорғаушысы  Савио Нсереко клубтан кететіні белгілі болды.

Бұл туралы Владимир Белявский баспасөз-маслихатында мәлім етті.

Естеріңізде болса, Нсереко атыраулық клубқа Германиядан ауысқан. Бас бапкер Белявский мен оның көмекшісі Анатолий Юревич ойыншыны байқаудан өткізіп тексерместен келісімшартқа отырған. Ойыншының не себепті командадан кететіні белгісіз.