«Қайрат» ФК бас бапкері Владимир Вайсс ойын соңынан журналистердің жалғыз сұрағына ғана жауап берді. Себебі алматылық клуб әуежей рейсіне асықты.

- Жартылай финалға шыққанымызға өте қуаныштымыз. Өз алаңында қостанайлық ұжым жақсы ойын-өрнегін көрсетеді, сондықтан мықты команданы ұттық деп ойлаймын. Біз ойынға шабуылшысыз шықтық, тек алты жартылай қорғаушы. Соңғы төрт кездесуді осындай құарммен ойнадық. Алғашқы 20 минутта жап-жақсы ойнадық. Алайда бір ғана өрескел қателік бірінші таймның тағдырын шешті. Демалысқа шыққанда жігіттерге демеу болып, жігерлендірдім. Олар мен тиянақты тыңдап, екінші таймда барлығын орындады. Алаң иелеріне жақсы ойын көрсетті, ерекше көзге түсер ереже бұзу болған жоқ. Көрермендер ойыннан ләззат алды деп ойлаймын. Жазғы трансферлік уақытта сапымызды мықты футболшылармен толықтыруды ойлап отырмыз. Алдағы уақыт көрсетеді.

- Баспасөз беттерінде «Қайрат» клубына төрешілер жақтасады деген әңгіме өрбіп жүр?

- Біздің қатысқан ойындардың қайталауын қарап шығыңыз. Төрешілерге қатысты сұрақтарға жауап бермеймін, өйткені олар бізге бірде-бір рет көмектескен емес.