Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының сапы  Ұлттық Хоккей Лигасында (ҰХЛ) өнер көрсеткен словакиялық қорғаушымен және екі ресейлік тәжірибелі шабуылшымен толықты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Словакиялық қорғаушы Борис Валабик (14.02.1986, 201 см, 105 келі) өз елінің құрамасында өнер көрсеткен тәжірибелі ойыншы.  Сонымен қатар, ол түрлі солтүстікамерикандық  - OHL және  AHLлигаларында ойнады. Сондай-ақ, Борис Ұлттық Хоккей Лигасында  Atlanta Thrashers командасының құрамында 80 ойын өткізді. 28 жасар ойыншы өткен маусымда Словакиядағы   Пьештяны қаласының SHK 37 клубында өнер көрсетті.

«Сарыарқа» құрамына тағы екі ойыншымен толықты. Шабуылшы Егор Шастин (10.09.1982, 178 см, 85 келі) Ресей Супер Лигасы мен ҚХЛ-дың бірқатар клубтарында («Авангард» Омск, «Торпедо» Нижний Новгород, «Сибирь» Новосібір, СКА, Санкт-Петербург, «Нефтехимик» Нижнекамск) ойнаған тәжірибелі хоккейші.  Егор Жоғары Хоккей Лигасында Тольяттидің «Лада» командасының сапында екі маусым бойы ойнады. Өткен маусымда ойыншы швейцариялық Red Ice клубында шеберлігін шыңдады.

Шабуылшы Александр Шинкарь (03.07.1981, 187 см, 87 келі) да ) Ресей Супер Лигасы мен ҚХЛ-дың бірқатар клубтарында («Северсталь» Череповец, «Салават Юлаев» Уфа, СКА Санкт-Петербург, «Металлург» Новокузнецк, «Торпедо» Нижний Новгород, «Югра» Ханты-Мансийск) ойнаған. Соңғы маусымда «Лада» командасында ойнап, чемпионат нәтижесі бойынша үздік сұрмерген, әрі тольяттілік команданың ең қажетті ойыншысы атағын иемденді.