Диего Марадона Аргентина мен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі матчын теледидар арқылы көруге мәжбүр болды, деп хабарлады Lenta.ru CNN-ге сілтеме жасап.

Бразилиялық «Маракана» стадионының қызметкерлері Аргентина құрамасының бұрынғы тәлімгерін тиісті тіркеу құжаты болмағандықтан аренаға жібермеген. Айта кетейік, Аргентиналықтар мен босниялықтардың кездесуі «Альбиселестенің» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.