Мюнхендік «Бавария» жартылай қорғаушы Тони Крооспен қоштасуға дайын.

Бұрынырақ Германия ұлттық құрамасының ойыншысына Мадридтік «Реал» қызығып жатқаны хабарланған еді. Испаниялық клуб футболшылыға жылына 4 миллион еуро беріп тұрмақшы. Алайда жартылай қорғаушыны өз сапынан көргісі келетін тағы бір кандидат «Челси» әр маусымға 7 миллион еуро беруге әзір.

Daily Star-дың хабарлауынша, «корольдік клуб» Кроос үшін саудаласудан бас тартты, демек лондондықтардың бәсекелестері қалмады.