Оңтүстік Кореяға қарсы матчтан кейін ресейлік команданың бас бапкері Фабио Капелло ойын туралы өз пікірін айтты.

«Бір жағынан көңілім толды, ал бір жағынан шамалы мұңлы да боп тұрмын. Қарсыласымыздың қолынан жеңісті жұлып алуға мүмкіндік болды ғой. Менің жігіттерім гол жіберіп қойғаннан кейін қалай әрекет еткендерін көріңіздерші. Біз бірден оталдық және бұл эмоция қарсыламыздың қақпасына қауіпті шабуыл болып төгілді. Ойыншылардың реакциясы маған ұнады. Ойынға қойылған мақсатқа жету үшін олардың не істей алатынын өздеріңіз де көрдіңіздер», – деді Капелло.