«Астана» футбол клубы қорғаушы Абзал Бейсебековты тіркеді.

Бұл туралы Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, жақында Бейсебеков польшалық «Корона» клубында ойнады. Абзалмен қатар польшалық команданың сапында Сергей Хижниченко да өнер көрсетіп жатыр.