Хорватияның Дубровинка қаласында күрес түрлерінен Халықаралық федерацияның (FILA) бюро отырысы өтті.

Аталған басқосуда ұйымның логотипі мен атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Енді спорттық күресті дамытуға мүдделі ұйым Біріккен күрес әлемі деп аталады (United World Wrestling, UWW). Бұл туралы «Весь спорт» агенттігі хабарлайды.

FILA президенті Ненад Лалович аталған өзгерісті былай түсіндіреді:

- Ұйымның жаңа атауы әлемдегі күрестің құнын одан әрі арттыра түседі деп ойлаймын. Біздің спорттың болашағы үшін осы атау жақсы.