Қазақстандық үздік шаңғышылардың бірі Алексей Полторанин 2014-2015 жылғы маусымға арналған оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Бүгінде ол Риддер өңірінің биік таулы аймағында орналасқан Риддерхьют базасында жаттығуда.

Мұнда ол 7-маусымнан бастап жаттығу жүргізуде. Жаттығу жиыны 24-маусымға дейін жалғасады. 

Бұл бірінші рет өткізіліп тұрған жаттығулар емес, спортшы маусым айында таулы аймақта дайындық жүргізуді әдетке айналдырған.

Сонымен қатар, дәл осы уақытта шаңғы жарыстарынан ұлттық құрамасы да Щучинскідегі спорттық базада ОЖЖ өткізіп жатыр.

1-27 шілде аралығында Алексей Эстонияның Отепя қаласында жаттығу жұмыстарын жалғастырады. Ал, қазақстандық құраманың өзге спортшылары  Финляндия еліне жаттығу жиынына аттанады.