Теннисшінің сүйіктісі мамандығы бойынша әріптесі неміс Мартин Эммрих.

Хертогенбоштағы турнирдің бірінші айналымында Крайчек Яна Чепелованы қапы қалдырды. Матчтан кейін кортқа оның жігіті Мартин Эммрих шығып, қолына микрофон алып, ұсыныс жасады.

«Мен бір жыл бұрын осы турнирде сенімен қалай кездескенім есімде. Енді, міне, он ай біргеміз. Көзіңе қараған әр сәтімде қалған өмірімді сенімен бірге өткізгім келетінін түсінемін. Маған күйеуге шығасың ба?» – деді Эммрих.