Жазғы трансферлік уақытта керекулік «Ертіс» Ринар Валеев пен Симеон Булгарумен толықты.

26-жастағы украиндық Ринар Валеев голландиялық «Де Графсап» футбол клубының түлегі. Спорттық ғұмырын тек Украинада өткізген ол енді мансабын Қазақстанда жалғастырмақ. Осы маусымда одессалық «Черноморец» сапында ойнап, Украина Премьер-лигасында бесінші сатыға тоқтаған.

Молдавия құрамасының ойыншысы Симеон Булгару өткен маусымда Ресей Премьер-лигасындағы «Волга» сапында өнер көрсетті. 29 жастағы футболшы Ұлттық құрама сапында 24 ойынға қатысып бір рет көзге түскен.