27 жастағы «Бенфиканың» қорғаушысы Эсекьель Гарай «Зениттің» сапына ауысуға жақын, деп хабарлайды Record.

Дереккөзге сенер болсақ, командалар футболшының көшуіне келісті және бүгін Эсекель петерлік клубпен келісім-шартқа отырады.

Былтырғы маусымда Португалия біріншілігінде Гарай 27 матчта 6 гол салды. Сонымен қатар, Еуропа лигасында екі рет көзге түсті.