Ярослава Шведова испандық теннисші Анабель Медина Гарригеспен бірге WTA Topshelf Open додасының жұптық сайысында екінші айналымға өтті.

Голландияның Хертогенбос қаласында өтіп жатқан жарыста қазақстандық пен испандық теннисшілер жұбы үш сетте словакиялық  Доминика Цибулкова мен испандық Лурдес Домингес Линоны жеңді – 6:4, 6:7 (4:7), 10:6.