Иван Ракитич ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, «Севильяның» хорватиялық жартылай қорғаушысы «Барселона» сапына 18 млн еуроға ауысты. Сондай-ақ, кезінде Ракитич «Шалькеде» өнер көрсеткен.

Андалусиялық клубтың сапында Иван Ракитич 149 кездесу өткізіп 32 гол соқты және биыл командасымен бірге Еуропа лигасын жеңіп алды.