Бразилияда өтіп жатқан әлем біріншілігіндегі ең мықты G тобының қос фавориттері кездесті.

Сальвадор қаласындағы «Фонте-Нова» стадионында Германия мен Португалия құрамалары жасыл алаңға шықты.

2010 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері португалдықтарды бірден қыспаққа алды. Әйтсе де, кездесудегі бірінші соққыны қарымта шабуылда Уго Алмейда жасады. Дегенмен  Мануэль Нойер қауіпті бетін қайтарды. Германиялықтар допқа иелік еткенімен, португалдықтар жиі соққы жасауда. Жетінші минутта Роналду сол қапталдан сытылып өтіп қақпаға жойқын соққы жасады, Нойер командасын құтқарды. Араға бір минут салып Хедира бос тұрған қақпаға дәл соққы көздей алмады... Жоао Перейра өз айып алаңында Гетцеге қарсы ереже бұзып, бас төреші нұктеге нұсқады. Томас Мюллер пенальтиден мүлт кетпеді – 1:0. 24-ші минутта Луиш Нани алыстан әдемі соққы бағыттаған, бірақ доп қақпадан қиыс кетті. Португалия шабуылшысы Угу Алмейда жарақат алып, орнына Эдер шықты. Гетце! Месут Өзілдің пасынан соққы жасады, бірақ Бруну Алвеш дер кезінде допты шығарып жіберді... ГОЛЛ! Матс Хуммельс бұрыштама добына бірінші жетіп Руй Патрисионы қара жерге отырғызып кетті – 2:0! Матчтың 37-ші минутында Пепе Томас Мюллерге қарсы ереже бұзып, жерде отырған қарсыласын басымен «сүзіп» жіберді. Төрешінің көз алдында болған бұл оқиға португалдықтар үшін жаман аяқталды. Бас қазы Милорад Мажич «Реал» қорғаушысына қызыл қағаз көрсетіп алаңнан қуды. Германиялықтардың басымдығы айдан анық. Бірінші таймның аяқталуына бір минут қалғанда Томас Мюллер дубльдің авторы атанды – 3:0.

 

Екінші тайм баяу басталды. Матчтың 50-ші минутында Месут Өзіл қақпашымен бірге-бер шығып, Руй Патрисиудан айласын асыра алмады. Он минуттан кейін Джером Боатенг Роналдуға қарсы ереже бұзып, Криштиану айып соққыны сәтсіз орындады. Артынша, португалдықтардың екінші ойыншысы Фабио Коэнтрао жарақат алып кездесуді жалғастыра алмады. Өзілді алмастырған Шюрлле Гетцеге әдемі пас шығарып берді, бірақ Марионың соққысын португалдық қорғаушылар сәтті қайтарды. Алаңдағы текетірестің нәтижесінде үшінші футболшы кездесуде жарақат алды. Бұл жолы екінші голдың авторы Матсс Хумельсті Шкодран Мустафи алмастырды. Хет-трик! Томас Мюллер қақпа алдындағы қарбаласты сәтте Руи Патрисиунің қателігін ұтымды пайдаланып есепті іріге жеткізді – 4:0. Осылайша, «Баварияның» ойыншысы әлем біріншілігінің үздік бомбардирі атанды. Роналду! Айып соққыдан есепті теңестіретін мүмкіндікті жіберіп алды, Нойер Криштидің жойқын соққысын қайтара білді. Ойын аяқталып әлем мундиалінің басты фавориттері жарысты ірі жеңіспен бастады.    

    

Футболдан әлем біріншілігі. G тобы. 1-ші тур

Германия-Португалия-4:0

Голдар: Мюллер, 12 (пенальтиден), 45, 78, Хуммельс, 32

Алаңнан қуылған: Пепе, 37