Бүгін «Шахтердің» бас бапкері Мирча Луческу донецктік командамен жұмыс жасай бергісі келетінін айтты, деп хабарлайды ресми сайты.

Румыниялық маман клубты 2004 жылдан бері жаттықтырып келеді, осы уақытқа дейін «кеншілермен» бірге сегіз рет Украина чемпионы болды, төрт рет ел кубогында, бес рет Украина Суперкубогында топ жарды. Сонымен қатар, УЕФА Кубогында жеңіске жетті.