«Қайрат» футбол клубының Жамбыл Көкеев «PROСПОРТ» тілшісіне жарақатынан емделіп жатқанын айтып берді.

«Жарақатымнан айығып келемін. Ақырындап физикалық жаттығуларға кірістім. Жарақатымды толық емдеу үшін жақын арада Словакияға аттанамын», - деді Көкеев.

Естеріңізге сала кетсек, наурыз айында Жамбыл Александр Кислицынмен қақтығыста аяғын сындырып алған болатын.