«Экібастұз» футбол клубының бас бапкері Владимир Линчевский ұлттық құраманың шабуылшысы Сергей Хижниченкоға Еуропада қалғаны дұрыс болатынын айтты.

«Меніңше, Хижниченко польша чемпионатында ойнап өз шеберлігін жетілдіруде. «Шахтерде» Сергей жетекші ойыншылардың бірі болды. Әріптестері оны доппен қамтымасыз ететін. Ал, «Коронада» гол соғатын мүмкіндіктерін өзіне-өзі жасауға тура келеді. Венгриямен өткен ойында Хижниченконың жақсырақ ойнай бастағанын байқадым. Бұл қуанышты жайт.

Қазақстанға оралғанын қаламаймын, Польшада ойнай берсін. Онда жолы болмаса басқа бір Еуропа чемпионатында бағын сынап көрсін», - деді Линчевский Sport.nur.kz. сайтына.

 

Естеріңізге сала кетсек, Хижниченко маусым басында польшалық «Коронаға» ауысқан болатын.