Футбол агенті Қайрат Баймаханов «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында Шимковичтің «Тобылға» ауысуына не себеп болғанын айтты.

- Бірқатар командалар сіздің көмегіңізге жүгінеді. Көбінде қай позицияға ойыншыларды іздейді?  

- Біздің елімізде мықты шабуылшылар жоқ. Көп командалар гол соғатын, жылдамдығы жоғары, арзан футболшыны іздейді. Мұндай шабуылшыларды табу өте қиын. «Қайсарға» арзандау шабуылшыны іздегенбіз. Душан Савичті ұсындық. Ойыншы байқаудан өтуге әрең келісіп, Дмитрий Огайдың көңілінен шықты.

- «Қайратқа» ауысқан Милош Лачнының ойыны әлсіз, тек қана Қазақстан кубогында гол соғуда...

- Словакия чемпионатының деңгейі Қазақстанға қарағанда жоғары емес. Вайсс Лачнымен жақсы таныс, сондықтан оны сатып алды. Маусым алдында Лачныны бірнеше клубтарға ұсынғанбыз, себебі Словакия чемпионатының бірінші айналымында ол көп гол соққан болатын.

 -  Соңғы кездері елімізге мықты легионерлер келуде. Себебі неде?

 - Қазіргі таңда Еуропада кризис. Үздік бес елдің біріншіліктеріне ғана қатысты емес. Португалия және тағы басқа елдерде қаржылық мәселе ауыр. «Тобылда» «Аустрия» сапында Австрияның чемпионы атанған Томаш Шимкович ойнап жүр. Былтырғы маусымда бұл футболшы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. Австрияда жалақысы көп болған жоқ. Өзі де білген МЮ секілді клубтардан ұсыныс келмейтінін, сондықтан «Тобылға» ауысты.  

Біздің елімізде ойыншыларға жақсы ақша төленеді. Сондай-ақ, барлығы қарағандылық «Шахтердің» Еуропа Лигасында ойнағанын біледі.