Каталондық «Барселонадан» лондондық «Челсиге» ауысқан Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегас «ақсүйектер» сапына келмей тұрып Арсен Венгермен «Арсеналға» ауысу туралы сөйлескенін мәлімдеді.

«Мен бірінші «Арсеналға» қайта оралғым келді. Мен Арсен Венгермен сөйлескенімде, ол маған қазір менің орнымды білікті футболшылар жетерлік деді. Менде жақсы-жақсы басқада ұсыныстар болды, бірақ Жозе Моуриньо маған «Челсиді» таңдауыма себепкер болды» - деді Фабрегас ағынан жарылып.