Швейцариялық теннисші спорттық ғұмырында жетінші рет «Галлеlдегі» додада топ жарды.
 
Роджер Федерер финалда колумбиялық теннисші Алехандро Фальяны екі сетте тізе бүктірді, алайда Фалья лайықты қарсылық көрсете білді. Қорытынды есеп - 7:6, 7:6. Матч бір сағат 30 минутқа созылды.
 
Осылайша Федерер өткен жылғы GERRY WEBER OPEN жүлдесін қорғап қала алды.