Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде Рио-де-Жанейро қаласындағы атақты «Маракана» стадионында ойнайтынына қобалжитынын мойындады.

«Өмірімде алғаш рет «Маракана» стадионында ойнайтын сәтімді тағатсыздана күтудемін. Әлем чемпионатын сәтті бастаймыз деп ойлаймын!» – деп жазды Месси Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына.