Қазақстан футбол Қауымдастығы итальяндық маман Массимилиано Аллегридің Қазақстан Ұлттық құрамасын баптауы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы «PROСПОРТ»  тілшісіне ҚФҚ-ның баспасөз-қызметі хабарлады. Қазіргі таңда Қауымдастық басшылығы жақында ғана ФИФА конгресі өткен Бразилияда және де футбол басшылығы қазіргі құрама бапкері Юрий Красножанға толықтай сенім артатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейк, кеше итальяндық БАҚ өкілдері Аллегрині Қазақстан құрамасын баптау туралы мәселесімен Қазақстанға келеді деп жарыса жазған болатын.