Бүгінгі күнгі екінші ойында Латын Америка құрлығының қос құрамасы кездесіп, күш сынасты. Әлем футболының фавориттер жиналған өлім тобындағы әр ойына ұпай ауадай қажет. Бүгінгі матч соған дәлел.

«D» тобындағы алғашқы матчытың бастапқы 10 минуты екі команданың бірін бірі тексерумен өтті. Ойынның 14-ші минутында «Барселона» мен «Реал» ойыншыларының «түсіне кіретін» Диего Годин әуелеткен допқа аяғын тосып допты қақпадан бір-ақ шығарған болатын. Алайда жанкүйерлердің өкінішіне орай төреші ысқырығы офсайдты білдірді. Оскар Табарес мұнымен шектеліп қалмады. Тағы бір шабуылда Эдинсон Кавани мүмкіндігі болып еді, бірақ допты қақпадан жоғары тепті. 24-ші минутта айып алаңында Диас ереже бұзып, командасына қарсы 11 метрлік айып добын алып берді. Нүктеге Кавани келіп тоқтады, жанкүйерлер бір сәтке демін ішке тартып, тілеуін тіледі. Эдинсон мен Навас теке-тіресінде уругвайлық жеңімпаз болып шықты.

Қорғаныстан шықпай, шабуылды ұмытқан Хорхе Луис Пинто шәкірттері бірден есепті теңестіруге алға ұмтылды. Айып алаңының сыртынан Кэмпбелл бағын сынап көрді, алайда Муслера өз орнында. Кезекті тағы бір шабуылда Гонсалес қақпаның жақын бұрыштығын дәл көздегенімен Уругвайдың қақпашысы негізгі құрамға лайық екенін дәлелдеді. Алма кезек шабуылдар жасалғанымен қақпаға соққылар өте аз жасалды. Осындай бір шабуылда 2010 жылғы әлем біріншілігінің ең үздік ойыншысы Форлан өзінің алғашқы соққысын жасап көрді, бірақ Диегога дәлдік жетіспеді, доп қақпадан қиыс кетті. Коста-Рика ойыншылары орындаған бұрыштама добы қауіпті шықты. Әуелеген допқа шыққан Муслера қателесіп, Гонсалес бос қақпаға допты бағыттай алмады. Ендігі бір ұмтылыста Форланның тепкен добы Боланьостың аяғына тиіп, басқаша бағыт алды. Алайда Навас сасқан жоқ, бағытын өзгерткен допты тура қақпа маңдайшасының астынан шығарып алды. Осылайша алғашқы тайм да өз мәресіне жетті.

«Эдинсон Каванидің жойқын соққысы»

Екінші тайм қос команданың жылдам ойынымен басталды. Осыған дейінде Коста-Риканың айып добын қауіпті орындайтынына куә болдық. Бұл сәтте мүмкіндігін Дуарте жіберіп алды. Әуелеген допқа оза шауып жеткен ол қақпаға соққы жасады, алайда Муслера командасын  қайта құтқарды. Коста-Рика құрамасының жас жұлдызы есепті теңестірді. Сол қапталдан басталған шабуыл допты ортаға тастаумен аяқталды. Қақпа маңында тұрған Кэмпбеллдің соққысы жойқын шықты, Муслера допты көзбен шығарып қана тұрды.

Көзді ашып-жұмғанша Дуарте есепті еселеді. Айып добын орындағаннан кейін Дуарте позициясын сәтті таңдай білді. Дуартенің баспен ұрған соққысы қақпа торында тулап жатты. Коста-Рика құрамасы есепте алға шықты. Шабуыл жасау кезегі енді Уругвайға өтті. Кавани баспен тамаша ойнайтыны баршаға мәлім. Бірақ бұл жолын Эдинсонның жол болмады, Навас тағы да шеберлігін таныта білді.

Хорхе шәкірттері уругвайлықтарды біржолата есеңгіретіп тастады. Осыған дейін бір рет көзге түскен Кэмпбелл Уреньяны қақпашымен жеке дара шығарды. Ол болса Муслерадан айласын асырып кетті. Есеп Коста-Риканың пайдасына 1:3 болады деп кім ойлаған?

«Ойын қаһарманы сөзсіз Хоэль Кэмпбелл»

Осылайша Коста-Рика құрамасы жеңіске жетіп, тосынсый жасады. Коста-Рика өлім тобында алға шықса, Уругвай құрамасы жағдайын нашарлатып алды.

 

Футболдан әлем чемпионаты. «D» тобы

Уругвай – Коста-Рика 1:3 (1:0)Голдар: 24’ Кавани (1:0, пенальтиден), 54' Кэмпбелл (1:1), 57' Дуарте (1:2), 84' Уренья (1:3)

Уругвай: Муслера, Лугано, Касерес, Годин, Перейра, Родригес, Гаргано, Аревало, Форлан, Кавани, Стуани.

Бас бапкерОскар Табарес 

Коста-Рика: Навас, Диас, Дуарте, Уренья, Гамбоа, Кэмпбелл, Боланьос, Руис, Техеда, Гонсалес, Борхес.

Бас бапкер: Хорхе Луис Пинто

Төрешілер: Феликс Брих, Штефан Лупп, Марк Борш

14 маусым 2014 Estadio Castelao стадионы